Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 38 Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры.
Автор: Ә.Даулетбаева
Премьера күні: 02 наурыз 2021 жыл
Режиссёр: Жанат Телтаев
Суретші: Тимур Қоесов
Жанр: үлкендерге арналған ертегі
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас санаты: 16+
Қосымша:
Әзиз – тыныштық іздеп Европаға бет алған сириялық босқындардың баласы. Айша- әді дүниеге келмеген, келуі де неғайбыл шарана. Кристофер – дәулетті отбасынан шыққан канадалық бозбала. Бұл үшеуі мұхиттағы – беймәлім аралда неғып жүр? Мұнда қалай келді? Бұл мекеннен қалай кетеді? Бұлардың тағдырына, тап қазіргі күйінде дүниежүзілік беделді ұймдардың қатысы қанша? Бір тағдыр күллі әлемнің күнтәртібін өзгерте ала ма? Бір арман ше? Ал, бір құрбандық ше? Балалар өзгерте алатынына сенімді... Ал, үлкендер ше?