Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 38 Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры.
Автор: Әзілхан Нұршайықов
Премьера күні: 2-3 наурыз 2024 жыл
Режиссёр: Гүлназ Қамысбаева
Суретші: Тимур Қоесов
Жанр: драма
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Жас санаты: 14+
Қосымша:
Махаббат пен жастықтың асқақ үніне айналған айтулы шығарма. Қанша уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазір де өз бақыты үшін күрескен Ербол мен Меңтайдың хикаясы - жан баласын бей-жай қалдырмайды. Өйткені, бұл - мәңгілік өшпейтін, мәңгілік ескірмейтін махаббат жыры. «Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар!»