Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 38 Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры.
Автор: Асылбек Ихсан
Премьера күні: 06-07 желтоқсан 2024 жыл
Режиссёр: Елік Нұрсұлтан
Суретші: Мұрат Сапаров
Жанр: тарихи драма
Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут
Жас санаты: 14+
Қосымша:
Ғапыл ғұмырын, талайы тағдырын Қазақ хандығының нығаюына, ұлысы ұйысып, ырысы тасуына, жері кеңейіп, беделі мен берекесі артуына арнаған Ұлы қолбасшы Қасым ханның ерлік дастаны, елдікке бастауы-қазақ жұртының мәңгі жадында. Ғазиз жаны Сарайшықта тыным тапқанша елі үшін ат үстінде күн кешіп, қиян-кескі шайқастарда атойлап өткен ұлы бабамыздың ерлікке толы жолын баяндап, айшықтайтын қойылым-жұртымыздың рухын асқақтатары сөзсіз.