Өтетін орны: Алматы қ., Пушкин к-сі, 63, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры

Режиссер: Шохан Құлназаров

Инсценировка авторы: Жазира Ахметова

Суретші: Юлия Чернова

Хореограф: Ринат Билибаев

Жанр: Қазақ халық ертегісі желісімен спектаклі

Жас шектеуі: 3+

Қосымша:

 

«Наурыз құпиясы» спектаклі шым-шытырық оқиғалар мен таңғаларлық түрлі кейіпкерлер арқылы ғасырлардан мұра болып сақталған рухани құндылықтар, қазақы таным-түсінік, ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерді дәріптейді. Көктем мерекесінің шырайын келтіріп, маңызын арттыратын мерекеде аңызға айналған кейіркерлер – Қыдыр ата, Күн мен Түн, Тышқаннан бастап Доңызға дейінгі Жыл иелері көрермендерге ұлттық ойындар мен билер ұсынып, наурыз мейрамының мәнін айшықтайды.

Жаңа жыл иесі атануға таласқан жануарлар артықшылықтары мен жақсы қасиеттерін алға тартып, өнерлерін ортаға салады. Әділ шешім шығаруға бел байлаған Күн мен Түн байқау жариялап, жануарлардың ақылдылық, айлакерлік, шапшаңдық, тапқырлық қасиеттерін сарапқа салады. Олай болса, тартысты бәйгенің жеңімпазын бізбен бірге анықтауға шақырамыз!

Спектакль кішкентай көрермендерді достыққа, адалдыққа, бірлікке, ұлтжандылыққа үндейді.