Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 38. Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Премьера күні: 28.12.2024

Авторы: Ольга Малышева

Режиссері:  Карина Бесолти

Жанры: Деректі театр элементтері бар өзін-өзі тану драмасы

Жас шектеуі: 16+

Қосымша: Құрметті көрермендер, біздің қонақтарымыз бен әртістерімізге кедергі келтірмеу үшін, спектакль басталғаннан кейін 18:45-те есіктер жабылады

 

Ғ. Мүсіреповтің Раяға жазған хаттар желісі бойынша

Жас актриса өмірі мен кәсібінде алғашқы қадамдарын жасайды. Оның тағдыры ауыр, ата-анасын танымайды. Өзінің шығу тегін қайта анықтауға тырысып, өміріне тірек болатын әйелдің фигурасын табады. Бұл фигура-Раиса Мұхамедьярова. Кейіпкер оның рольдері мен тағдырынан өзіне шабыт алады. Өйткені бұл екі әйелді мақсаттарының ұқсастығы ғана емес, есімдері де біріктіреді. Себебі бұл жас актрисаның да есімі Раечка.