При  поддержке Министерства культуры и информации а РК, Казахская государственная филармония имени Жамбыла в честь Дня Республики, 22 октября 2023 года в 18.00 проводит республиканский фестиваль «Өнеріміз саған-Қазақстан!"

Цель мероприятия - всесторонняя пропаганда искусства и культуры казахского  народа среди этнических групп, проживающих в Казахстане, развитие казахстанского патриотизма и многообразных культурных особенностей страны, повышение профессионального мастерства исполнителей. Сохранение единства народа Казахстана и развитие многообразных культурных особенностей страны.

В фестивале  приняли все этно-культурные объединения, индивидуальные и групповые исполнители  представителей этнических групп, владеющих казахским национальным искусством (домбра, кобыз, сырнай и другие казахские национальные инструменты, исполняющие казахскую песню и танец). Время исполнения произведения  не должно превышать 5 минут. Фестиваль состоит из II этапов.  

Участники, прошедшие во II этап фестиваля   «Өнеріміз саған-Қазақстан!" выступят в Гала-концерте, который состоится  22 октября  в 18.00 в Большом зале Казахской государственной филармонии им. Жамбыла.

Участникам фестиваля будут вручены Благодарственные письма.

Условия участия в фестивале, требования размещены на в социальных сетях Казахской государственной филармонии имени Жамбыла.

Контакты: +7 7017518985 Мариям Алиаскаркызы

E-mail: [email protected]

Сайт: https://jambyl-philharmonic.kz/

Инстаграм: kazakh.philharmonic

Фейсбук/YouTube: Казахская государственная филармония им.Жамбыла

Телеграм: Филармония  им.Жамбыла

_________________


2023 жылдың  22 қазан күні, 18.00 -де, Республика күніне орай, ҚР Мәдениет және  ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Республикалық «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты фестиваль өтеді.

Фестивальдің мақсаты - қазақ халқының өнері мен мәдениетін Қазақстанда тұратын этностық топтар арасында жан-жақты насихаттау, қазақстандық патриотизм мен еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру. Қазақстан халқының  бірлігін сақтау және еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту.

Аталмыш шараға барлық этно-мәдени бірлестіктер және қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген (домбыра, қобыз, сырнай, тағы басқа қазақ ұлттық аспаптарында ойнайтындар, қазақ әні мен биін орындайтындар) этностық топ өкілдерінің жеке және топтық орындаушылары қатысты.

Орындалатын шығармалардың уақыты 5 минуттан аспауы қажет.

Фестиваль ІІ кезеңнен тұрады: І кезеңге Қазақстанның барлық өңірлерінің этно-мәдени бірлестіктерінің  өкілдері онлайн форматта қатысады және екінші кезеңге іріктеуден өтеді. ІІ кезеңге өткен қатысушылар «Өнеріміз саған - Қазақстан!» республикалық фестивалінің Ұйымдастырушы комитетімен іріктеліп,

Алматы қаласында қазан айының 22-де, сағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен  залында өтетін Гала-концертінде өнер көрсетеді.

Фестивальдің қатысушыларына Алғыс хаттар тапсырылады.

Шараға  қатысу  шарттары, қоятын талаптары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әлеуметтік желілерінде орналастырылды.

  

Байланыс: +7 7017518985 Мәриям Алиасқарқызы

E-mail: [email protected]

Сайт: https://jambyl-philharmonic.kz/

Инстаграм: kazakh.philharmonic

Фейсбук/YouTube: Казахская государственная филармония  им.Жамбыла

Телеграм: Филармония  им.Жамбыла