Өтетін орыны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 38, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Премьера күні: 19,20,26 маусым 2021

Автор: Ә. Нұршайықов

Қоюшы режиссёр: Фархад Молдағали

Қоюшы суретші: Айдана Бисембаева

Жанр: Драма 

Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут

Жас санаты: 16+

Қосымша: Назар аударыңыз! Құрметті көрермендер, біздің қонақтарымыз бен әртістерімізге кедергі келтірмеу үшін, спектакль басталғаннан кейін есіктер жабылады

 

«Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасын білмейтін жан кемде-кем шығар. 

Бірақ, бұл жолғы сахналық туынды басқа. 

Ә. Нұршайықовтың әйгілі романы желісінде екі жас: Ербол мен Меңтай арасындағы махаббат туралы баяндалар оқиға арқауы, бұл жолы режиссер – Фархад Молдағалидың бүгінгі күнге сай көзқарас, ой-шешімдері арқылы жаңаша, өзгеше өрбиді. 

Жаңаны көруге асығайық, қадірлі көрермен!