«Жусан иісі»Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны
қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген ақсақ
қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең
соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай
далбақтап жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның
алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге
бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын», – деген жалынышты үнін
естимін.